12 тамыз Халықаралық жастар күніне Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ақылы бөлімде білім алушылардың оқу ақысына және студенттер үйінде тұруына төмендегідей жеңілдіктер жасайды.
Оқу ақысына үздік аттестат иегерлеріне 10 %, Көп балалы отбасы, үздік білімгерлер 10 %, ҚазҰУ қызметкерлерінің балаларына 15-25 %, Халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігі 10-100 %, Шетел студенттеріне 15-30 %, «Алтын белгі» иегерлеріне 15-25 %, Әл-Фараби халықаралық олимпиадасының жеңімпаздарына 100 %, Спорттық жетістіктер 100%, Студенттер үйінде 4 жыл көлемінде тегін тұруға Жетім балалар мен Ауғандықтар үшін 100 %, Мүмкіндігі шектеулі жандарға 10-50 %, Халықаралық келісім-шарт бойынша шетелдік білім алушыларға 10-100 % қарастырылған.
Университетте жастардың рухани-адамгершілік дамуы мен азаматтық жауапкершілігінде сапалы жаңа әсерге қол жеткізу үшін жоғары әдептілік пен парасаттылық стандарттарын енгізуге негізделген корпоративтік идеология іске асырылуда.
Бұл іс-шаралар Жоғары білім және Ғылым саласындағы мемлекеттік саясат аясында жастарды қолдау және патриоттық рухты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
1. Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиялары;
2. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамасы;
3. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары;
4. Қазақстан Республикасының ұлттық жобалары (10 ұлттық жоба).
5. Университет жарғысы және «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ-ның 2022-2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы;
6. Тұрақты дамудың мақсаттары.
• әлеуметтік тұрақтылық.
• әлеуметтік әсер.
Студенттерді тәрбиелеудің маңызды ресурсы және университет көшбасшылығының нысаны болып табылатын, тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға бағдарланған қызметтің әлеуметтік жауапкершілігі практикасын кеңейтуді талап етіледі.