ҚАЗҰУ БАЛАЛАР ҮЙІ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНЕ ЛАГЕРЬ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

7 тамыз, 2023

Қайырымдылық шара ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың демалысын пайдалы ету және олардың бойында отансүйгіштік, білімге қызығушылық сезімдерін оятуды мақсат етті.

Демалыс кезінде түрлі танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды. Балалар ең алдымен көрікті ҚазҰУ қалашығымен етене танысып, университет мұражайында, Әл-Фараби кітапханасы мен өзге де нысандарда болды. Сонымен қатар Алматының мәдени, тарихи орындарына және табиғат аясына саяхаттады. Қаладағы көптеген ескерткіш, музей, мұражай-үйлерді аралап, ұмытылмас әсерге бөленді.

Сондай-ақ «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында 100 оқушыға портфельдер мен қажетті кеңсе тауарларының жиынтығы табысталды.

Шара Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары бойынша сапалы білім беру, теңсіздікті жою бағыттары аясында атқарылды. Ол «Союз Жаса» қоғамдық қорымен бірлесе жүзеге асырылды.