Мәжіліс депутаты мен қоғам белсендісі ҚазҰУ мұражайының қонақтары

24 тамыз, 2023

Қонақтар Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-ректоры Жансейіт Түймебаевпен кездесіп, ғылым және білім беру саласында пікір алмасты, студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Кампус-тур барысында қонақтар университет мұражайына келіп, ЖОО-ның тарихы және жетістіктерімен танысып, жаңа оқу ғимараттарының, жатақханалар мен қызметтік тұрғын үйлерді салу және қайта жаңарту нысандарының макеттері көрсетілді.

Экскурсия соңында Мәжіліс депутаты Құрметті қонақтар кітабына өз пікірін қалдырды.