Халықаралық музейлер күнінің аясында өткен мәдени іс-шаралар. Астана қаласы
2023 жылдың 18-19 мамыр күндері Астана қаласында ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР ұлттық музейінің ұйымдастыруымен Халықаралық музейлер күніне орай «Музейдің қор сақтау қызметін ұйымдастыру: теориясы мен мен практикасы» атты республикалық симпозиумы өтті.
Симпозиумға республика өңірлеріндегі 28 музейдің 45 қызметкерлері қатысты. Олар іс- шара бағдарламасына сәйкес семинарлық, практикалық сабақтармен қатар музей қызметкерлері ұйымдастырушылар ұсынған Музей түні акциясына қатыстуға мүмкіндік алды.
Симпозиумды Халықаралық музейлер күніне орай ҚР Ұлттық музейінің Қазақстан музейлерін дамытуды үйлестіру-әдістемелік орталығы мен Қор жұмыстары қызметі ұйымдастырды. Іс-шарада Ұлттық музейдің Қор ісі қызметінің жұмыстары іс жүзінде көрсетіліп, қор жинақтау нәтижесінде түскен музейлік заттарды таныстыру, музей қорындағы есепке алу және тіркеу жұмыстары, негізгі тіркеу құжаттарының жүргізілу тәртібі мен үлгісі, мәдени құндылықтарды сақтау мәселелері айтылды.
Сондай-ақ, Ұлттық музей мамандары деректердің тиімді жүйеленуін қамтамасыз ететін автоматтандырылған «Музей» жүйесінің жұмысын негізге ала отырып, заман талабына сай жинақтаған озық тәжірибелерімен бөлісті.
Қазақстандағы ең үлкен мәдени жобалардың бірегейі «Музей – уақыт ағымында» деген атпен өткен дәстүрлі «Музейлер түні» ауқымды акциясы өтті. «Музейлер түнінде» і жаңа көрмелер, театрландырылған экскурсиялар, ойын-квесттер, түрлі танымдық шеберлік сабақтар мен ғылыми дәрістер, кітап пен қолөнер жәрмеңкелері, концерттік бағдарламалар өтіп, «Жұлдызды гид» жобасы арқылы танымал тарихшылар, өнертанушылар мен медиа саласының майталмандары музей залдары бойынша экскурсия жүргізіді.
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл мерекесіне сәйкес ұйымдастырылған гала концертте Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының әншілері, Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Үрмелі аспаптар оркестрі, «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі, өңірлік филармонияның дәстүрлі әншілері мен ұжымдары қатысты.
Симпозиум соңында қатысушыларға арнайы ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық музей атынан сертификаттар табыс етілді.
Астана қаласында осы іс-шараларға қатысып, іссапармен болған ҚазҰУ музей жетекшісі Жабықпаева А.Ж.