Музейде 1 курс студенттеріне бағдар беру апталығы басталды

29 тамыз, 2023

90 жылдық тарихы бар білім ордасының кезеңдік дамуы мен өткен белестерінен, кемелденуі мен келешегінен толық мағлұмат беретін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ музейінде университет табалдырығын жаңадан аттаған 1 курс студенттеріне арналған танымдық экскурсиялар жүргізілу басталды.

Жаңа оқу жылының басталуымен факультет эдвайзерлерімен бірге  экскурсиялар кестесі әзірленді. Ең алғашқы болып экономика және бизнес жоғары мектебі, халықаралық қатынастар, физика-техникалық, заң факультеттерінің студенттеріне экскурсиялар жүргізілді.

 Университеттің барлық студенттерін құшақ жая қарсы аламыз!