«Ұлы дала – көшпенділер әлемі» Халықаралық этнофестивалі

2 қыркүйек, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ музейінің қызметкерлері 2-3 қыркүйек күні  Алматы қаласындағы «Боралдай» сақ қорғандарында өткен «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» Халықаралық этнофестивалі қатысты.

Шараның басты мақсаты - қазақстандықтар мен шет елдік қонақтарға көшпенділер мәдениетін, ежелгі тарихы мен салт-дәстүрін көрсету болды.

Этнофестивальде Әзербайжан, Түркия, Мажарстан (Венгрия), Малайзия, Башқұртстан, Дағыстан, Чувашия, Алтай,  Бурятия, Өзбекстан және Қырғызстан сынды 10 нан астам мемлекеттен жиналған ең мықты этномузыканттар мен спортшылар өнер көрсетті.

Олар ежелгі Тұран өркениеті мен көне Түркілер тарихына саяхат жасап, қазақ даласының кеңдігіне, бір бойына сан өнерді қатар тоғыстырған өрелі өнерпаздары бар ұлы даланың рухына бас иді.