МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ ЛИДЕРЛІК ЛЕКЦИЯ ӨТКІЗДІ
                        5 қыркүйек, 2023                    
                 
                Білім күніне орай механика-математика факультетінің ұйымдастыруымен Ө.А.Жолдасбеков атындағы механика-математика факультетінің «Қызыл залында» арнайы 1-курс студенттеріне факультет деканы У.С. Абдибеков лидерлік лекция өткізді. Жиында президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы көрсетіліп, сол жайлы мағлұматтар берілді. Сонымен қатар, аталмыш шараға факультетіміздің оқытушы-профессорлық құрамы қатысып, университет қадамын жаңа аттаған студенттерге факультеттің ішкі тәртібі мен ережесін таныстырды. Декан тарапынан факультеттің құрылымы, оқу процесі және тағы да басқа тақырыптарға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 
         
                                 
                                