Шығыстану факультетінің студенттері Катар мемлекетінің астанасы Дохада халқаралық сайысқа қатысуда. 

5 қыркүйек, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Шығыстану факультетінің студенттері Катар мемлекетінің астанасы Дохада халқаралық сайысқа қатысуда. 

  

Дебат сайысына қатысу - пікір алмасу және тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға көмектеседі. сонымен қатар адамның ой-өрісін кеңейтеді, сыни тұрғыдан ойлауы мен интеллектуалдық қабілеттерін дамытады. Араб тілінде өткізілетін пікірталас шетел тілінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және оқытылатын шет тіліне ынта деңгейін арттыруға ықпал етеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану (араб тілі) мамандығының 3 курс студенттері 2023 жылдың 2-4 қыркүйегі аралығында Катар астанасы Доха қаласында араб тілі бойынша жыл сайынғы халықаралық дебат чемпионатына қатысуда. 

  

 

2023 жылдың 6-7 мамыр аралығында Ерланова Асем, Наурызғалиева Назерке, Тағыбай Айсауле, Сәуірбай Гүлфайруз онлайн режимінде араб тілінен халықаралық дебат сайысына қатысты. 3 орынға ие болып, Катар мемлекетінің Доха қаласына халықаралық дебат чемпионаты қатысуға жолдама жеңіп алды (офлайн). Бүкіл қаржылық жағын Qatar foundation қарамағындағы Qatar debate көтерген болатын.