МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ GEOCLIC ЖОБАСЫНЫҢ АЯСЫНДА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ

6 қыркүйек, 2023

     Механика-математика факультеті, механика кафедрасының оқытушы құрамы Досжан Н.С., Лязат Ж.Т., Сахаева А.К., Ногайбаева М.О. Берлин техникалық университетінде (Германия Берлин қ.) GEOCLIC жобасы, Эрасмус + бағдарламасының аясында 20.08.2023 ж. – 26.08.2023 ж., ғылыми тағылымдамадан өтті.

     Ғылыми тағылымдамаға қатысудың мақсаты – түрлі ғарыштық технологияларды қолдану бойынша квалификацияны көтеру.

     Ғарыштық техникадағы микроэлектроника, жерді бақылау, заманауи ғарыштық бақылауларды ең жақсы еуропалық тәжірибелердің мысалдарына қолдану әдістерін қоса алғандағы ғарыштық технологиялар аясында квалификацияны көтеру трейнингі өткізілді. Сонымен қатар еңбек нарығы, жобаларды басқару, презентация дағдылары және мәдениетаралық байланыс мәселелері қозғалды.

     GEOCLIC жобасының консорциумымен арнайы кездесу ұйымдастырылып, жобаның болашақтағы жұмысы және дамыту жоспарлары жайлы мәселелер талқыға алынды.