ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

6 қыркүйек, 2023

    05.09.2023ж. Жатақхана тұрғындарымен кездесу. Студенттік қалашық әкімшілігінің ұйымдастыруымен жатақханалардағы тәртіпті күшейту және құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында Ө.Жолдасбеков атындағы Қызыл залда механика-математика факультетінің бірінші курс студенттерімен ұйымдастырушылық жиналысы өткізілді.

     Жиынға факультет деканының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Ш.А.Джомартова, аға куратор Б.Қ.Абенов, Әлеуметтік даму және жастармен жұмыс департаменті директорының орынбасары Е.О.Айтуаров, Бостандық аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры В.Б.Сисенова және студенттік қалашық директоры орынбасары Е.Т.Қалшаев, жетекші маман Қ.Оразхан қатысты.

    Жатақханаға орналасқан талапкерлер ҚазҰУ студенттерінің Ар-намыс кодексімен, студенттер үйінде тұру ережелерімен таныстырылды. Студенттердің көкейкесті мәселелері талқыланып, жас өркендерге сабақты жібермей, үздік оқу, өзара қатынасу, әдептілік, үлкенді сыйлау, достық, шыдамдылық қағидалары баяндалды. Студенттердің бос уақытын тиімді пайдаланып, қоғамдық белсенділік таныту, өнерлерін шыңдап, спортпен айналысу жолдары көрсетілді.