МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІНДЕ 1 КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

12 қыркүйек, 2023

      06.09.2023ж. механика-математика факультетінде 1 курс студенттерімен тәрбие жұмыстары жалғасуда. Аға куратор Б.Абенов пен студенттік декан бастаған жастар ұйымдарының мүшелері №6, №10 жатақханаларда тұратын білімгермен кезекті кездесу өткізіп, олардың жаңа ортаға тез бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында өздерін қоғамдық орындарда қалай ұстауы керек екенін түсіндірді. Жатақхана ережелерін тағы да пысықтап, мекенжайларында тазалық сақтау, су мен электр қуаттарын үнемдеп, ысырапсыз пайдалану туралы әңгіме өткізді.

     Сондай-ақ, аға куратор Болат Абенов жаңа тұрғындарды университет қабырғасында қабылданған әлеуметтік жобалар мен тұрмыстық мәселелерді шешу жолдарымен таныстырды.