«Өз тілің бірлік үшін»

9 қыркүйек, 2023

Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Өз тілің бірлік үшін» атты мерекелік іс-шара өтті. Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Өз тілің бірлік үшін» атты мерекелік іс-шара өтті. Шара филология факультетінің деканы филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Ө. Жолдасбекованың құттықтау сөзімен ашылды. Тілдер мерекесі қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен қатар келеді. Сондықтан Ахмет Байтұрсынов еңбектері туралы ғалымдар сөз сөйлеп, фильм көрсетілді.  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректоры профессор Ж.Қ. Түймебаев құттықтауын департамент директоры Ж.Д. Есімова жеткізді.

«Ахмет оқуларының» аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі,  ф.ғ.д., профессор Шора Сарыбаевтың «Мұрағаттағы мақал-мәтелдер» кітабының тұсаукесерін өткізді. Университетімізге оқуға қабылданған 1 курс студенттеріне кафедра оқытушы-профессорлар құрамы дәріс оқыды. Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінен, Шора Сарыбай еңбектерінен естеліктер айтылды. Студенттер ән-күйімен әсемдеп, рухани демалыс сыйлаған керемет сұхбаттасу болды.