Ғалымның ғибратты дәрісі

7 қыркүйек, 2023

Қазақстан халқы тілдері күніне орай 7 қыркүйек күні ректораттың «Мәжіліс залында» филология ғылымдарының докторы, профессор Салқынбай Анаргүл Бекмырзақызының «Ақымет Байтұрсынұлы қағидаларының өміршеңдігі» атты көшбасшылық дәрісі өтті. Дәріске биыл оқу жылына қабылданған 1-курс студенттері, магистранттар мен докторанттар, сонымен қатар оқытушы профессорлар құрамынан ғалымдар қатысты.  Ғалымның ғибратты дәрісінде Ақымет Байтұрсынұлының қазақ тіл біліміне сіңірген зор үлесі жан-жақты талқыланды.