Қазақ жазуының тарихы жайлы дәріс өтті

8 қыркүйек, 2023

Тілдер мерекесі апталығы аясында 8 қыркүйекте филология факультетінде ф.ғ.д., профессор Жұбай Орынай Сағынғалиқызының «Тән көмілер, көмілмес еткен ісім» атты көшбасшылық дәрісі өтті. Дәрісті тыңдаған білім алушылар А.Байтұрсынұлы өмірі мен қызметінен тың ақпараттар алғанын айтып, өз ойларымен бөлісті. Спикер студенттердің сұрақтарына жауап беріп, тартысты пікірталастар болды.    Ахметтің әлі табылмаған, зерттелмеген  мұралары бар екенін айтты.  Қазақ жазуының тарихын зерттеп жүрген ғалымның ой-пікірлері мен, ғылыми тұжырымдамалары жастарға ой салғаны анық.