АЛМАТЫ МЕНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕСІГІМ

15 қыркүйек, 2023

ТДМ11. Тұрақты қалалар және елді мекендер

15 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультеті Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының «6B03205-Кітапханалық ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері мен оқытушы Г. Абикова ҚР Ұлттық кітапханасында Алматы күніне орай өткізілген «Алматы – менің шығармашылық бесігім» әдеби-музыкалық мерекелік іс-шараға қатысты.

Студенттер іс-шара барысында «Мәдениет, өнер, қолөнер, кітап» жәрмеңкесін, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің «Алматы айшықтары» фотокөрмесіне қатысып, қолөнер шеберлерінің зергерлік бұйымдарымен танысты. Сонымен қатар, мерекеге орай өткізілген концерттік бағдарламаның көрермені болып, ақын-әнші, «Перекресток» сериялы басты әнінің авторы Томас Томасовтың, «Айналайын, Асыл әже» халық би ансамблінің және жас қазақстандық ақындардың өнерін тамашалады. Шара соңында студенттер өз ойларымен, алған әсерлерімен бөлісті. Жалпы, мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.