- Басты бет
- Жаңалықтар
- Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу еңбек құқығы кафедрасының заңгер- ғалымдары " ENGLISH LAW DAYS IN CENTRAL ASIA" форумға қатысты
Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу еңбек құқығы кафедрасының заңгер- ғалымдары " ENGLISH LAW DAYS IN CENTRAL ASIA" форумға қатысты
Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде British-Kazakh Law Association (BKLA) және Eurasian CIS Legal Professionals’ Forum (CIS Forum) басшысы Benjamin Wells мырзаның шақыруымен заң ғылымдарының докторы Забих Шолпан Арапбайқызы «English Law Days in Central Asia» атты Форумына қатысты. Бұл шара Алматыдағы «De Montfort University Kazakhstan» университетінің ғимаратында өтті.
Аталған іс-шараға Қазақстанның ірі заң фирмаларының өкілдері, шет мемлекеттердің белгілі заңгерлері қатысты.
Форумда келесі маңызды тақырыптар талқыланды:
1. Санкцияларға байланысты соңғы оқиғалар.
2. Халықаралық даулардағы Этика (төрелік шешімдерге даулар) құқықтық қорғауды қамтамасыз ету құралдары / юрисдикциялық мәселелер.
3. Ағылшын заңнамасына, АХҚО заңнамасына сәйкес акционерлер мен корпоративтік басқару даулары, Орталық Азияның көптеген мемлекеттеріне қатысты әділетсіз көзқарас туралы өтініш (Қазақстан).
4. Коммерциялық келісімшарттардағы/банктік және қаржылық келісімдердегі стандартты ережелер (Өзбекстан).
5.Кейбір мемлекеттердің трансшекаралық дәрменсіздігі.
Қазақстандық ғалымдардың, оның ішінде з. ғ.д. Ш. А. Забихтың практикалық тәжірибесі мен теориялық білімі осы форумның жұмысында өте пайдалы болды.