ТДМ-3: Қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

15 қыркүйек, 2023

Кездесудің басты мақсаты - студенттерге жеке қауіпсіздіктеріне салғырт қараудың салдарынан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алуды, өздерінің және қоршаған адамдардың өмірлері үшін қандай жауапкершілік алатындарын түсіндіру. Тәртіп сақтау жасағының студенттерді әлі жарық жүргізілмеген көшелермен жатақханаларына кеш қайтпауға, бағалы заттарын вахтада сақтауға, жатақхананың ішкі тәртібін бұзбауға, өзге студенттерді сыйлауға шақырды. Сонымен қатар қауіпсіздікті сақтау мәселесіне қатысты өздерінің ойларымен бөлісіп, біздің университеттегі барлық тәртіп сақтау және қауіпсіздік бөлімдерінің қызметтерімен танысты.