ТДМ-4: Студенттер қатарына қабылдау салтанаты өтті

16 қыркүйек, 2023

Қыркүйектің 14-і күні  «ҚазҰУ студенті»  атанып отырған білімгерлердің есінде өзінің ерекше әсерімен мәңгі сақталатын “Студенттер қатарына қабылдау салтанаты”  өтті.

Мерекелік сахналанған Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының алдына барабан аспабын ойнап шыққан студенттер, әсем әуенге мың билеген бишілер, көңілді бірінші курс студенттері көрерменге мерекелік көңіл сыйлауда. Жаңадан қабылданған студенттерді рухтандыру үшін сахнаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев  шақырылды.

Студенттер қатарына қабылдау салтанатында «Алтын белгі» иегерлері, ҚазҰУ-дың спорт командасының қатарындағы чемпиондары, университетімізден шыққан белсенді ұйымдардан салтанатты шеру аяқталды. Салтанатты шарада еліміздің танымал әншілері, үлкен от шашу және би кешімен қортындыланды.