ТДМ-3: Салауатты өмір және әл-ауқат
20 қыркүйек, 2023
Университетімізде тұрақты даму мақсаттары аясында «Салауатты өмір және әл-ауқат» бағыты бойынша (ТДМ 3) әр факультетте алдағы екі айда «Туберкулездің алдын алу», «Темекі шегу және ішімділік», «Нашақорлық» тақырыптарында студенттерге іс-шаралар, дәрістер ұйымдастырылуда.
Денсаулық сақтау жүйесі саясатының негізгі бағыттарының бірі аурулардың алдын алу, оның ішінде санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу арқылы балалардың, жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын нығайту болып табылады. Осыған байланысты экономика және жоғары бизнес мектебі факультетінің 1, 2 курс студенттеріне «Туберкулездің алдын алу», «Темекі шегу және ішімділік», АИТВ/ЖИТС, «Нашақорлық» тақырыптары бойынша дәріс өткізілді.
Басқа жаңалықтар
16 қараша, 2024