Су ресурсын кешенді басқаруды қамтамасыз ету

22 қыркүйек, 2023

22 қыркүйек 2023 жылы Әл-Фараби ұлттық университеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушы-прорфессорлық құрамы мен 1 курс 105-топ студенттері Тұрақты даму бойынша БҰҰ-ның тұжырымдамасын және ТМД-6 жүзеге асыру мақсатында «Су ресурсын кешенді басқаруды қамтамасыз ету» шеңберінде, қазіргі жаһандық мәселе судың жойылып кету қауіпінің алдын алу шаралары бойынша вебинар ұйымдастырды. Вебинардың модераторы заң ғылымының кандидаты Турсынкулова Динара Ахановна, спикерлері 1курс студенттері Бейсенбай Арнат, Арабова Аида, Рыскулова Айжан, Бақыт Нұрай.
Вебинардың мақсаты: Әлемдегі өзекті мәселелердің бірі ауыз су тапшылығының алдын алу жолдары мен  Қазақстан аймақтарын сумен қамтамасыз ету жолдарын көрсету.
Вебинар офлайн және онлайн форматта өтті. Вебинар барысында заң ғылымдарының докторы, профессор Ибраева Алуа Саламатовна Арал мәселесінің бүгінгі таңдағы жағдайы туралы вебинар спикерлеріне сұрақ қойып, өз ойын ортаға салып талқылады. Бұл мәселе туралы студенттер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы қыркүйек айында Тәжікстанға жұмыс сапары барысында Халықарарлық  Аралды құтқару Қоры мемлекет басшылары кеңесінің отырысында су ресурстарын тиімсіз пайдалану мәселелерін көтергенін атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан аймақтарының сумен қамтамасыз ету жүйесін, қандай компаниялар сумен қамтамасыз етіп отырғанын, су тапшылығы мәселесін шешу жолдарын, адамдардың су қадірін түсінбеуін, су тапшылығының пайда болу себебін, қазіргі таңда не себепті өзен-көлдердің тартылу салдары туралы мәселелерді ортаға салып талқылады.

Ұйымдастырушылар: мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы.