AGH ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІНДЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ

25 қыркүйек, 2023

    19 қыркүйекте механика-математика факультетінде Erasmus бағдарламасының халықаралық білім беру жобасы аясында AGH Ғылыми техникалық университетінің профессоры Марчин Кот (Краков, Польша) дәріс оқыды.

    Дәріс тақырыбы: «Some problems of creating new Functionalized Surfaces, Coatings for Tribological Applications: Insights into Robotic Systems and Mechatronics».

    Дәріске «Роботтық жүйелер» және «Механика» мамандықтарының студенттері, магистранттары, докторанттары мен факультеттің профессорлары мен оқытушылары қатысты.

    Кездесу барысында одан болашақтағы ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде PhD докторанттарға бірлескен жетекшілік ету, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.