Корей дәстүрлі музыкасы мен әндерінің ерекше тәжірибесі

25 қыркүйек, 2023

      2023 жылдың 23 қыркүйегінде Алматы қаласындағы “Алматы театрында” ерекше музыкалық қойылым өтті. Бұл шараны Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени алмасу жылына орай Мәдениет, спорт және туризм министрлігі қолдауымен Корея халықаралық мәдени алмасуға жәрдемдесу қоры ұйымдастырып, өткізді. Арнайы өткізілген бұл шарада Кореяның түрлі дәстүрлі аспаптарынан құралған Кореяның ұлттық дәстүрлі музыка оркестрінің орындауында дәстүрлі музыка мен дәстүрлі әндер (пансори) орындалса, қазақ елі тарапынан Айгул Үлкенбаева домбырамен «Мұхали» симфониясын орындады. Биылғы жылдың көктемінен бастау алған бұл шараны ұйымдастыруға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасының профессоры Ли Бён Джо үлкен көмегін көрсетті. Бұл шараға алғыс ретінде, профессор Ли Бён Джо мен Қиыр Шығыстану (корейтану) кафедрасының 90 студенті шақырылды. Қазақстанда дәстүрлі корей музыкасы мен әндерін тыңдау оңай болмағандықтан, бұл музыкалық қойылымды көру корейтану студенттері үшін корей елінің дәстүрлі музыкасын түсінудің ерекше сәті болды.