ҚазҰУ студенті бокстан халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Дамир Тойбай қазақ боксының негізін қалаушы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған ХV халықаралық турнирінде күміс жүлдені еншіледі.
20-24 қыркүйек күндері Ақтау қаласында өткен жарысқа Қазақстаннан бөлек, Қытай, Түркия, Әзірбайжан, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген 150-ден астам спортшы қатысты.
92 келі салмақта бақ сынасқан медицина және денсаулық сақтау факультетінің 4-курс студенті Дамир Тойбай қарсыластарынан басым түсіп, ақтық сайысқа жолдама алды. Финалда қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.
Дамир Тойбайдың жаттықтырушысы – ҚазҰУ спорт клубының оқытушысы Демежан Сайдағали.
Айта кетейік, 92 келі салмақ бойынша барлығы 10 спортшы бақ сынасқан болатын.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі