Маңғыстау облысына ғылыми іс-сапар

23 қыркүйек, 2023

Маңғыстау облысына 2023 жылдың 16-23 қыркүйек күндері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры Тәттігүл Картаева, PhD. Айнұр Бейсегулованың АР14869303 «Қазақстанның ежелгі және қазіргі мәдениетіндегі қасқыр мен иттің рөлін этнозооархеологиялық зерттеу» тақырыбындағы гранттық қаржыландыру жобасы бойынша және PhD докторант, оқытушы А.С. Есенаманованың «Қазақстан Республикасы музейлеріндегі түркі халықтарының тарихи – мәдени мұрасы: тәжірбиесі мен қазіргі жағдайы» диссертация тақырыбы бойынша дерекқор жинау мақсатында іс-сапарлары өтті. Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау тарихи-өлкетану музейі директоры Эльвира Аблановаға, Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі директоры Нұрлан Құлбайға, Түпқараған аудандық музейлер жетекшісі Айгүл Балабаеваға, Маңғыстау облыстық Серікбол Қондыбай мемориалдық музейі директоры Рима Бердиеваға музей қорларында жұмыс жасауға және далалық этнографиялық зерттеу ұйымдастыруға көмек көрсеткендері үшін алғысымыз шексіз.