«Language is power»

22 қыркүйек, 2023

2023 жылдың 22 қыркүйегінде университет деңгейінде   маңызы бар тіл апталығы аясында  шет тілі кафедрасында 1курс студенттерімен   «Language is power» тақырыбында ic шара өткізді. Ең алдымен  ана тіліміз – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл екендігі ол -қазақ тілі. Ана тіліміз-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян ағылшын тілі – қазіргі заманда жаһандық тіл.

Іс шара барысында қорытындылай бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарында шет тілін кәсіби деңгейде оқи алатындықтары,яғни әрбір студент өз мамандығына байланысты шет тілін жетік меңгеріп, одан әрі қарай дамыта алатыны айтылды. Сонымен қатар шет мемлекеттерге шығып, мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндігі зор екендігіне тоқталып өтті.    Аталмыш іс шара офлайн және онлайн форматта  ұйымдастырылды. Іс-шараға жауаптылар  ф.ғ.к. Оразбекова И.Г., доцент Кулжанбекова Г.К., аға оқытушылар  Халенова А.Р., Бекалаева А.О.,Тілеуғабылова З.А., Мурумбаева Г.А.