"Психологиялық сағаты" жобасы іске қослды
21 қыркүйек, 2023
Жобаның мақсаты студенттердің өмірлік маңызы бар сұрақтардан сауатты болу, дүниетанымын қалыптастыру, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап табу.
Бұл жолғы семинар "Ақпараттық технология" факультетінде өтті. Тақырыбы: «Әйелдің қоғамдағы статусы». Бұл қазіргі таңдағы қоғамда өршіп тұрған мәселелердің бірі. Тіпті БҰҰ-ның (ТДМ-05) деңгейінде көтерілген мәселе болып саналады. Университет психологы Амангелді Мейрамбекұлы атаулы тақырыпты түрлі психологиялық теориялардың зерттеулеріне сүйеніп, кеңінен тарқатты. Студенттер тақырыпқа сай өмір жолында көрген мысалдарын келтіріп, семинарға белсене қатысты.