Фараби университі «Психологиялық қолдау» қызметінің психолог маманы Амангелді Мейрамбекұлы «География және табиғатты пайдалану» факультетінің І және ІІ курс студенттерімен «Психологиялық сағатын» өткізді. Бұл жолғы қозғалған тақырып «Ұйымшылдық». Ата-анасынан бөлек шығып, жоғарғы белеске қадам басқан жастар үшін бұл тақырыптың маңыздылығы өте зор. Себебі, мұндай кезеңде жастарға ең керек нәрсе ол – қолдау. Қолдау адамға ұйымшыл болуды үйретеді. Ал ұйымшылдық топ болып жұмыс істеуді үйретеді.
Семинар-тренинг дискуссия форматында өтті. Студенттер өмірлік тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, белсене қатысып отырды. Бұл тақырып БҰҰ-ның «Тұрақты даму мақсаттарының» 17 – ші тармағына үйлеседі.