Шығыстану факультетінің 1 курс студенттерімен кездесу

27 қыркүйек, 2023

      2023 жылдың 25 қыркүйегінде Шығыстану факультетінің деканаты ЖБО Ішкі Қадағалау қызыметінің бас маманы Калиякберов Серікжан Сапышевичпен бірлесіп 1 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырды. Бұл кездесу университет қалашығы мен жатақханадағы қоғамдық тәртіпті сақтау, есірткі және темекі өнімдерін пайдаланудың кез келген түрінің зияны, алаяқтық схемаларға тартылу және әртүрлі діни  экстремистік ағымдарының қаупі сияқты өзекті тақырыптарға арналды.
Сондай-ақ бұл кездесудің басты мақсаттарының бірі студенттерді белсенді қоғамдық студенттік өмірге тарту және студенттерді университеттің академиялық саясатымен таныстыру болды. Жиында бірқатар мәселелер талқыланып, студенттер өз пікірлерін білдірді.