"Алматы ұстазы" қалалық байқауының қорытындысы

22 қыркүйек, 2023

ТДМ4. Сапалы білім беру

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 2021 жылдан бері «Алматы ұстазы» атты қалалық конкурс, жасы 36 жасқа дейінгі мектеп мұғалімдері арасында ұйымдастырылда. Сәуір айында ұйымдастырылған байқауға  қатысуға екі мыңнан аса ұстаздардан өтініш түсті. Бірінші және екінші конкурс кезеңінен өткен 13 мұғалім 2023 жылдың 22 қыркүйегінде финалдық кезеңге жолдама алып, бағын сынады.   Мақсат – олардың шығармашылығын шыңдау, сабақ берудегі озық технологияларымен қаланың жас мұғалімдерін таныстыру. Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатында бас жүлде иеленген қатысушыға қалалық білім беру басқармасының 5 млн гранты берілді. Сонымен қатар алдыңғы 5 орынды иеленген 5 жас маман Сингапурға барып,  тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды. Әділқазылар алқасы  ұстаздардың сабақ өтудегі жаңашылдығына, баламен жұмыс жасау технологиясының ерекшеліктеріне   ерекше мән берді. Олардың қатарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің доценті Г.Е.Сабденова да болды. Конкурсанттар «Мен көшбасшы мұғаліммін» тақырыбында  жоба қорғады. Ұсынылған жобалар мектепте сапалы білім беруге бағытталған, заман талабына сай оқушыларды сабақты жақсы меңгеруге бағытталған жаңашыл әдістерді ұсынды. Жеңімпаз 5 мұғалімнің қатарында екінші орынды  әл-Фараби атындағы тарих факультетінің түлегі, Алматы  №168 мектеп-гимназиясының  тарих пәнінің мұғалімі  Ернар Әбдәхалықов болуын мақтанышпен айтамыз. Жеңімпаздар шетелдерде еліміздің білім беру саласындағы озық технологияларын биіктен көрсетеді деген сенім білдіреміз!