Халықаралық ғылыми-тәжірибиелік конференция «Қазіргі кезеңдегі Еуразия археологиясы, этнологиясы және музеологиясының өзекті мәселелері: жаңа тұжырымдар мен нәтижелер»

28 қыркүйек, 2023

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АРХЕОЛОГИЯ, ЭТНОЛОГИЯ ЖӘНЕ МУЗЕОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Сіздерді «Қазіргі кезеңдегі Еуразия археологиясы, этнологиясы және музеологиясының өзекті мәселелері: жаңа тұжырымдар мен нәтижелер» тақырыбында белгілі ғалым, археолог, этнограф, ұстаз Төлеубаев Әбдеш Тәшкенұлының 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибиелік конференциясына қатысуға шақырамыз.

 

Конференцияның өтетін жері мен уақыты:

15 қараша 2023 жыл

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих факультеті

 

Конференция барысында төмендегі бағыттар бойынша талқылау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр:

  • Ә.Т.Төлеубаев туралы очерктер мен естеліктер және ғалымның ғылыми зерттеулері туралы
  • Ежелгі және ортағасырлық археологияның өзекті мәселелері;
  • Этникалық тарих пен этномәдени үдерістердің  өзекті мәселелері;
  • Археологиялық және этнографиялық экспедициялардың далалық материалдары;
  • Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, сақтау және музеефикациялаудың әдістері;
  • Археологиялық және пәнаралық зерттеулердегі пәнаралық әдістер.

 

Конференция – қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде және  онлайн, офлайн режимінде өтеді. Zoom: https://us04web.zoom.us/j/71950151424?pwd=9Wt5ma6V0eLauSQuM2V3LD2QFbEYfN.1 Конференция идентификаторы: 719 5015 1424, Кіру коды: 8cS713

Конференцияға қатысу үшін 2023 жыл 25 қазанға дейін қатысу өтініші мен баяндама мәтінін toleubayev_conference@mail.ru @ почтасына жіберу керек.

Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары жіберуші жақтан өтеледі.

БАЯНДАМАЛАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Баяндама мәтіні 10 бетке дейін (негізгі мәтін, әдебиеттер тізімі, суреттер мен кестелерге арналған жазбалар) *.doc, *. docx форматында қабылданады. Times New Roman 12 шрифтпен терілуі тиіс, жоларалық интервал - 1, жиектер: жоғарғы және сол жақ 3 см, оң жақ 1,5 см, төменгі жақ 2,5 см. азат жол: 1 см.

Көрнекілік материалдар және олардың жазбалары бөлек файл түрінде жіберіледі. Бес данаға дейін сызба және сурет түріндегі көрнекілік қабылданады. Көрнекіліктер jpg немесе tiff форматында, 300 dpi кем болуы шарт. Мәтінде суреттерге сілтеме доғал жақшаларда беріледі. Мысалы (сурет 1,3; 2,4), (кесте 1).

Баяндама мәтіні бірінші жолдың оң жақ шеті бойынша рәсімделеді, автор (Аты-жөні) көрсетіледі, екінші толығымен жұмыс орны, үшінші қала және мелекет, төртінші автордың (авторлардың) электронды поштасы, бесінші қанық шрифтпен баяндама атауы үлкен емес әріптермен жазылады. Әрі қарай, негізгі мәтін 1 бос жолдан кейін, азат жолдан басталады.

Деректерге сілтеме доғал жақшаларда жасалады (Аты-жөні, жылы, беті). Мысалы: (Омаров, 2014, 15-20) немесе (Айтқұл, 2016, 137-146 бб.). Сілтеме ұжымдық жұмысқа жасаланған жағдайда бірінші үш автор көрсетіледі.

Әдебиеттердің тізімі мақала соңында алфавит бойынша беріледі. Әдебиеттер тізімі алфавиттік тәртіппен (автордың тегі мен аты-жөні, жұмыстың атауы, орны, баспасы, шыққан жылы, беттері) түпнұсқа тілінде жасалады.

 

Мысалы:

Монография

Толеубаев А.Т. Раннесакская шиликтинская культура. Алматы: Изд-во

ИП «Садвакасов А.К.», 2018. 528 с.

Сериялы монография

Арсланова Ф.Х.     Очерки     средневековой     археологии     Верхнего Прииртышья // МИАК / Под ред. З. Самашева; сост. Б.М. Хасенова.

Т. 3. Астана: Издательская группа ФИА КН МОН РК, 2013. 405 с.

Конференция материалдарындағы мақала/тезис

Айтқұл Х.А. ҚР Мемлекеттік орталық музейінің 2014 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Ақтерек ауылдық округінде орналасқан археологиялық ескерткіштерге жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижелері // «Қазіргі жоғарғы білім жүйесіндегі археология, этнология және музейтану» атты «VІІІ Оразбаев оқулары» халықаралық  ғылыми-әдістемелік  конференция  материалдары  /

жауапты ред. А.Б. Қалыш. (1–2 апреля, 2016 г.). Алматы: Қазақ университеті, 2016. 137-146 бб.

Жинақтағы мақала

Акишев К.А., Акишев А.К. Проблема хронологии раннего этапа сакской культуры // Археологические памятники Казахстана. Алма-

Ата: Наука КазССР, 1978. С. 38–64.

Мерзімді баспа

Бейсенов А.З. Предметы искусства ранних саков Сарыарки как свидетельства взаимодействия культур // Вестник Кемеровского государственного университета. Кемерово: Изд-во КемГУ, 2013. № 3

(55). С. 13–17.

Далалық есеп

Кушаев Г.А. Памятники Алакульской впадины и долины реки Лепсы.

1964 г. // Архив ИА КН МОН РК. Ф. 2, д. 1068, 157 л.

 

Зерттеулерді қаржыландыру (егер бар болса) туралы ақпарат (қорды көрсету, грант

№ және оның атауы) әдебиеттер тізімінен кейін жазылады.

Мақала соңында ағылшын тілінде аннотация болуы қажет. Аннотация автордың / авторлардың аты-жөнінен, мақаланың атынан және 300 көп емес сөзден (кем дегенде 150) тұрады. Егер баяндама ағылшын тілінде болса, аннотация қазақ немесе орыс тілінде жазылады.

Тыйым салынған: табуляцияны жүргізу; сөздерді разрядпен бөлу (сөздер арасында, белгілер арасында тек бір бос орын болуы керек); абзацтарды бос жолмен бөлу; автоматты режимде орындалатын командаларды пайдалану (әдебиетке сілтемелер, еренсілтемелер мен ескертулер, абзацтарды таңбалау және нөмірлеу және т.б.); макростарды пайдалану, мәтінді шаблон түрінде сақтау және «тек оқу үшін» орнату; мәтінді пішімдеу және мәжбүрлі түрде ауыстыру. Көрсетілген өлшем бірліктері СИ жүйесіне сәйкес келуі тиіс.

Конференция тақырыбы мен баяндама рәсімдеудің талаптарына сәйкес келмейтін, сонымен қатар көрсетілген уақыттан кейін жіберілген материалдар Ұйымдастыру алқасының шешімімен бойынша жинаққа еңгізілмейді.

ӨТІНІМ

15 қараша 2023 жыл

«Қазіргі кезеңдегі Еуразия археологиясы, этнологиясы және музеологиясының өзекті мәселелері: жаңа тұжырымдар мен нәтижелер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына

 

Аты-жөні

 

Мемлекет, қала

 

Мекеменің толық аты-жөні

 

Лауазымы

 

Ғылыми атағы, дәрежесі

 

Байланыс телефоны

 

E-mail

 

Баяндама атауы (үлкен әріппен

емес)

 

Іс-сапар құжатнамасын әзірлеу үшін арнайы шақырту

қажеттілігі (иә/жоқ)

 

Конференцияны өткізуге байланысты туындаған барлық сұрақтарды, кеңестер мен тілектерді төменде көрсетілген @ почтаға жолдауларыңызды сұраймыз.

Бесетаев Бауыржан Берканұлы

моб. тел.: +7 702 791 36 31

е-mail: toleubayev_conference@mail.ru

 

Шаймуханова Дидар Сериковна

моб. тел.: +7 771 833 82 83

е-mail: toleubayev_conference@mail.ru

Құрметпен, Ұйымдастыру алқасы