Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің Студенттік заң клиникасының жаңа оқу жылындағы алғашқы мәжілісі өтті. Мәжілісте Заң клиникасының жаңа оқу жылындағы жоспары талқыланып, қызмет бағыттары айқындалды.
Жиынға Әлеуметтік жұмыс және жастар ісі жөніндегі департамент директоры Ж.Д. Есімова қатысып клиника жұмысына сәттілік тілеп, кітаптар сыйға тартты. Студенттік заң клиникасы заң факультетінің құрамында ұзақ жылдан бері жұмыс істеп келеді. Негізгі мақсаты – университет студенттеріне, қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша тегін заң көмегін көрсету, студенттердің құқықтық мәдениетін көтеру, тәжірибелік жұмыстарға бейімдеу болып табылады.
Клиникада заңгерлік кеңесті факультеттің оқытушылары, докторанттары мен магистранттары, үздік оқитын студенттері береді.