ТДМ-3: «Туберкулездің алдын алу»

27 қыркүйек, 2023

2023 жылдың 25,26 қыркүйек күндері география және табиғатты пайдалану факультеті мен биология және биотехнология факультетінде «Туберкулезді алдын алу», «АИТВ/ЖИТС», «Темекі шегу және алкоголизм», «Нашақорлық» тақырыптары аясында дәріс өткізілді. Бүгінгі дәрісте «Қызылша және Туберкулез» тақырыбы туралы баяндалды.

Дәріс қызылша мен туберкулездің негізгі сипаттамаларына шолу жасаудан басталды. Қызылша – ауа тамшылары арқылы таралатын өте жұқпалы вирустық ауру. Қызылшаның негізгі белгілеріне жоғары температура, жөтел, мұрынның ағуы, конъюнктивит және тән бөртпе жатады. Туберкулез, өз кезегінде, науқас адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа арқылы жұғады. Ол туберкулез әлемде, әсіресе дамушы елдерде жиі кездесетін инфекциялардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

Жалпы алғанда, дәріс өте мазмұнды болды және қатысушыларға қызылша мен туберкулез туралы толық түсінік алуға мүмкіндік берді. Оқытушы аталған аурулардың негізгі аспектілерін, олардың диагностикасы мен емдеу жолдарын егжей-тегжейлі қарастырып, алдын алудың маңыздылығына тоқталды. Қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, талқылауға мүмкіндік алды. Жалпы, дәріс пайдалы болды және қатысушыларға осы жұқпалы ауруларды жақсырақ түсінуге көмектесті.