ТДМ-4: Мәдени орындарға саяхат
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс студенттері қыркүйек-қазан, қараша айларында ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, тарихымыз бен әдебиетіміз тоғысқан ұлттық кодты сақтай отырып, білімді, бәсекеге қабілетті, көкірегі ояу жастарды тәрбиелеу мақсатында Алматы қаласындаға мәдени орындарға «А.Байтұрсынов атындағы музей үйіне», «Н.Тілендиевтің мемориалды музейіне», «Д.Қонав музейіне», «Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейіне», «С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музейі кешеніне», Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына барып, танысып жатыр.
Биылғы оқу жылында ҚазҰУ- ға он бір мыңнан астам талапкер оқуға түсті. Осы студенттердің барлығын қаламызда орналасқан мәдени орындарымен таныстыру мақсатында куратор-эдвайзерлер өз жұмыстарын бастап кетті.
Тарих факультетінің студенттері
Филология факультетінің студенттері.