"Су ресурстарын тиімді пайдалану" тренингі
Метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушылары г.ғ.к. Мусина А.К., Жанабаева Ж.А. 2023 жылдың 20-22 қыркүйегінде өткен су ресурстары және қоршаған орта жөніндегі USAID аймақтық жобасымен ұйымдастырылған «Су ресурстарын тиімді пайдалану» оқыту курсының тренерлерін оқытуға қатысты.
Тренингтің мақсаты су ресурстары, азық-түлік және экожүйе ресурстары саласында саласында мамандарды дайындайтын университеттердің білім беру потенциалын нығайту және су ресурстары мен қоршаған ортаны тиімді пайдалануды зерттеуде магистрлерге арналған USAID аймақтық жобасы әзірлеген оқыту курсын енгізу және жоғары оқу орындарының оқытушыларымен талқылау болды. Тренинг шеңберінде су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері бойынша әлемдік және аймақтық тәжірибелер ұсынылды, сондай-ақ су объектілеріне жоғары антропогендік әсер ету жағдайында су ресурстары мен су шаруашылығы жүйелерін тұрақты дамыту мәселелері бойынша практикалық жаттығулар өткізілді.
Тренинг нәтижесінде метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары су ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану және оның экономикалық және экологиялық аспектілері негізінде пайдалы білімдер алды. Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру шеңберінде су ресурстарын басқару бойынша әзірленген оқу бағдарламаларын немесе оқу материалдарын университеттік оқу жүйесіне адаптациялау және магистрлерді оқытуда пайдалану жөнінде шешім қабылданды. Сондай-ақ барлық тренингке қатысушылар сертификатпен марапатталды.