Қырғызстаннан келген студенттермен кездесу

29 маусым, 2023

2023 жылдың маусым айында И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің (Бішкек, Қырғызстан) және Гумилев атындағы ЕҰУ (Астана, Қазақстан) профессорлары мен студенттері ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасында болды. Отырысты кафедра меңгерушісі Е.А. Әубәкіров ашып, университеттің, факультеттің, оның ішінде кафедраның ғылыми бағыттарымен, жетістіктерімен таныстырды. Кафедра оқытушылары Е.Ж. Усипбекова және Ж.А. Супиева қонақтарды кафедрадағы оқу үдерісімен және ғылыми-конструкторлық жұмыстар жүргізілетін зертханамен таныстырды. Қырғызстаннан келген оқытушылар мен студенттерге университет мақтанышы әл-Фараби кітапханасы, оның мұражайы таныстырылды, олар «Керемет» студенттік орталығында да болды.

Сонымен қатар, бұл іс-шара ТДМ (тұрақты даму мақсаты) мақсаттарына қол жеткізу мақсатында өткізілді 4 «4.3.5. Өмір бойы білім алуға қолжетімділік саясаты». Жоғары сапалы білім университеттер жоғары жетістіктерге жетуге ұмтылатын сала болуы керек. Білім теңсіздікті жеңудің негізгі жолы, әсіресе бірнеше ұрпаққа әсер етеді. Өмір сүру сапасын жақсартумен қатар, инклюзивті білімге қолжетімділік жергілікті қауымдастықтарды әлемдегі ең үлкен мәселелерге инновациялық шешімдерді әзірлеуге қажетті құралдармен қамтамасыз етуге көмектеседі. ТДМ 4 ерте балалық шақтағы білім мен өмір бойы оқытуды зерттейді.

 

Усипбекова Е.Ж.

Супиева Ж.А.