«Сапалы білім – мықты ұлт кепілі» атты дөңгелек үстел

25 қыркүйек, 2023

Қарашаның 25-і Саха (Якутия) Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ғылым және мәдениет саласындағы халықаралық қатынастарды дамыту және нығайту шеңберінде Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ)  «Сапалы білім – мықты ұлт кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Ресей Федерациясының Солтүстік-Шығыс халықтарының тілдері мен мәдениеті институтының директоры Торотоев Гаврил Григорьевич пен ҚазҰУ филология факультетінің түркология және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі - Авакова Раушангүл Әмірдинқызы, сондай-ақ М.К.Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералдық университетінде (Якутск) білім алып жатқан қазақстандық магистранттар мен докторанттар арасындағы кездесу барысында маңызды мәселелер мен алдағы бірлескен жобаларды талқылады. Солардың ішіндегі ең ірісі – «Түрік тілдес фразеологиялық бірліктердің лексикографиялық жүйесі» атты тілдік корпус жобасы.