«Түркітану» мамандығы бойынша білім алып жатқан 1 курс студенттерін қалашықпен таныстыру

29 қыркүйек, 2023

2023 жылдың қыркүйек айында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінде «Түркология» мамандығының 1 курс студенттерімен кездесу өткізілді. Топ кураторы, оқытушы Естай Салтанат студенттерге студенттік өмір, бағалау жүйесі туралы айтып, университет ережелерімен таныстырды. Сонымен қатар студенттер ҚР мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауын тыңдады. Сонымен қатар, студенттерге кітапханаға экскурсия ұйымдастырылып, студенттерге кітапхананың мүмкіндіктері мен жұмыс кестесі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, «Керемет» орталығында қызметкерлермен кездесу өткізіліп, орталық туралы пайдалы ақпарат беріліп, студенттердің дәрігерлерге тегін көріне алатыны айтылды. Ол жерде грантқа түскен студенттер шәкіртақы алатын банк карталарын алды. Онан соң студенттерге жатақхананың орналасқан орны көрсетіліп, жатақхана өмірі туралы кеңестер берілді. Барлық студенттерге ID карталар табысталды. Осылайша, студенттер университеттегі ережелермен таныс болды және жаңа білімге дайын болды. Студенттерімізге шын жүректен табыс пен өркендеу тілейміз!