АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ЖАЛПЫ УНИВЕРСИТЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КӨРМЕ ӨТЕДІ
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023 жылғы 5–7 қазанда Астана қаласында (ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы, Бөкейхан көшесі 1А) офлайн форматта ҚР Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың қатысуымен (мүмкін болған жағдайда) өтетін Нобель фестивалінің ресми серіктесі болып табылады.
Фестивальге әлемдік ғалымдар мен Нобель сыйлығының лауреаттары қатысады, сондай-ақ 48 елдің білім министрлері мен әлемнің 36 үздік университеттерінің өкілдері шақырылады.
Осыған байланысты бірінші басшылардан, проректорлардан, ғылыми қызметкерлерден осы фестивальге офлайн қатысуын сұраймыз. Сонымен қатар студенттер Нобель фестивалінің порталына тіркелу арқылы негізгі іс-шараға онлайн қатыса алады: https://nobel-fest.org.
Нобель фестивалі күндері негізгі іс-шарадан басқа, жоғары оқу орындарында әлемдік ғалымдар мен Нобель лауреаттарының дәрістерін өткізу жоспарлануда. Университеттер өз қалауы бойынша әлемдік ғалымдар мен Нобель сыйлығының лауреаттарын студенттеріне дәріс өткізуге шақыра алады.