ТДМ-3: 1 қазан – Халықаралық қарттар күні

1 қазан, 2023

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті “Көмек” қоғамдық қоры және Қазақстан Еріктілер Лигасы Қоғамдық қоры мерекеге орай ата әжелеріміздің көңіл-күйін көтеру мақсатындар қарттар үйіне барып келді. Қазыналы қарттарымыз бен еріктілеріміз ерекше әсер алып, мереке ойдағыдай өтті. 
Мұндай кездесулер жастарды үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға және адамгершілікке тәрбиелейді. Сондықтан «Көмек» ҚҚ және Еріктілер Лигасы Қоғамдық қоры осындай кездесулерді жиі жасайтын болады.