ТДМ-4: «Ақсүйек in the City»

1 қазан, 2023

Бүгін 1.10.2023 Жоғары Студенттер Кеңесінің ұйымдастырылуымен «Ақсүйек in the City» спорттық-интеллектуалдық сайысы өтті.

ҚазҰУ қалашығын таныстыру  мақсатында ұйымдастырылған, ең жүйріктерді анықтайтын бұл тартысты сайысқа 12 факультет қатысып, 91 қатысушы өз факультетінің

намысын қорғады.

Сайыста көрермендер мен қолдаушылар үшін арнайы концерттік бағдарлама өтіп, барлық факультеттің Студенттік Кеңес ұйымдары өнер көрсетті.

Қызыққа толы тартысты жарысымызда:

I орынды- Физика Техникалық факультеті

II орынды- Ақпараттық Технологиялар факультеті

III орынды- Механика-Математика факульетінің сері жігіттері иеленді.