Хабарландыру «Алаш зиялылары және халықты тәрбиелеу мәселелері»
4 қазан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғимаратында азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасында «Алаш зиялылары және халықты тәрбиелеу мәселелері» тақырыбында конференция өтеді.
Жиынға Алматы қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау комиссиясының мүшелері – Әбікенова Гүлжазира Естайқызы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент мен Байдавлетова Мадина Досбергенқызы, PhD докторы шақырылды.
Бұл іс-шараға С.Ж. Сүлейменова, з.ғ.д., профессор; Ш. А.Забих,з.ғ.д. доцент және
Г. Г. Нұрахметова, з.ғ.к., доцент қатысады.
Өткен ғасырдың 1920-1950 жж.біздің халқымыз үшін сынақ кезеңі және Отан тарихындағы қайғылы бет болды; жазықсыз адамдар, сондай-ақ қазақ зиялыларының өкілдері, оның ішінде халықты қорғауға келген "Алаш" қайраткерлері қуғын-сүргінге ұшырады. Сондықтан бұл іс-шараның мақсаты саяси қуғын-сүргінге байланысты тарихи өткеннің сабақтарын түсіну, әділеттілікті қалпына келтіру және тарихи жадыны сақтау болып табылады. Сондай-ақ, конференцияның маңыздылығы қазақ зиялыларының халықты ағартудағы ерекше зор рөлін көрсетуден тұрады.