МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІНДЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

5 қазан, 2023

     Aiplus білім беру орталығынан механика-математика факультетінде бос жұмыс орындарының шағын жәрмеңкесі өтті. Кездесу біздің студенттер мен түлектерге, әсіресе педагогика саласына маманданғандарға арналған тәжірибенің, тағылымдаманың және жұмысқа орналасудың негізгі аспектілеріне арналды. Ашық бос жұмыс орындары қаралып, жұмысқа орналасу шарттары талқыланды. Студенттер орталық қызметкерлеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.