ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДАДА СПОРТШЫМЫЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

5 қазан, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, медицина және денсаулық сақтау факультеті, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Садуақас Бекарыс 2023 жылдың 28 шілде 8 тамыз күндері аралығында Қытай Республикасы Ченду қаласында дзюдодан өткен Дүниежүзілік жазғы Универсиадада қола жүлдені иеленді.

Садуақас Бекарыс 100 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін белдесуде ең мықты атанды. Дүниежүзілік Универсиадада Франциядан келген балуанды жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді.
Ел намысын қорғап жүрген жастарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!