"Тұрақты даму мақсаттары 4". Д.А.Қонаев музей-үйіне сапар!

30 қыркүйек, 2023

Д.А.Қонаев музей-үйі 20 жылдан астам уақыттан бері Алматы қаласының қонақтары мен тұрғындарына қызмет етіп келеді. «Д.А. Қонаев кабинеті» жәдігерлердің толықтай шынайлығымен ерекшеленеді. Мұражайда Қонаев тұлғасы, оның мемлекетті дамытып-өркендетудегі рөлі мен еңбегі, адамгершілік қасиеттері, өмірінің тұрмыстық жағы көрсетілген. 

Музейлерге бару терең тарихымызды зерттеуге, биік тұлғаларымызды тануға үлкен мүмкіндік. Осы орайда, 30.09.2023 күні Д.А.Қонаев музей-үйі Ақпараттық технологиялар факультеті, Компьютерлік ғылымдар кафедрасынан Компьютерлік инженерия мамандығының 3 курс студенттері кураторлары Закариянова Назгуль Баймухамедовнамен бірге барып қайтты. Музейге бару студенттер үшін ерекше танымдық әсер қалдырды. 

Тарих - біздің аса қымбат құндылығымыз. Егемен елде алаңсыз білім алып жатқан жастарымыз үшін өз тарихын тану, тұлғаларын білу аса маңызды екеніне сеніміміз мол!