ТДМ-4: Студенттер театрға барды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, физика-техникалық факультетінің 1-2 курс студенттері қазанның 3-жұлдызында «Бернарда Альбаның үйі» қойылымына барды. Спектакль жастардың рухани-мәдени дамуына әсер етуші күш. Әр жастың жүрегіне ұмытылмас әсер қалдырары анық.
Туынды Бернарданың өз қыздарына моральдық озбырлығына қарсы бағытталған. Кенже қыз Адела билік пен тілек арасындағы қарама-қайшылықты ұсынатын автор идеясына тән «бүлікші» болады.
Заманның әр кезеңдерін бейней отырып, нақты оқиғалардан шабыт алатын және сол кездегі әдет-ғұрыптарды дәріптейтін үлкен сыни ойларға толы тың дүние.
Ар-намыс пен әлеуметтік нормалар озбырлығынан құтылғысы келетін Адела атты кейіпкердің бостандық пен өмірге деген құштарлығын тұншықтырушы ретінде, Бернарда кейпі шынайылықпен бейнеленді.
Университетіміздің Жастар ісі департаментінің ұйытқы болуымен қазан-қараша айларында екі ай үздіксіз барлық факультеттер куратор-эдвайзерлерімен бірге М.Әуезов атындағы драма театры мен Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына бару жоспарланған. Бұл тек алғашқы бастамасы деуге болады.