ҚазҰУ дене тәрбиесі және спорт кафедрасы ОПҚ аталған жетістігімен Тойкова Мөлдірді құттықтайды!

5 қазан, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, медицина және денсаулық сақтау факультеті, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенті Тойкова Мөлдір 2023 жылдың 03-10 қыркүйек күндері аралығында Польшаның Гливице қаласында бокстан әйелдер арасында өткен «XVIII Miedzynarodowe Mistrzostwa Slaska Kobiet» халықаралық жарысында қола жүлде, ІІІ-ші орынды иеленді. Аталған жарысқа М. Тойкова 50 келі салмақта сынға түскен болатын. Сонымен қатар, жарыс қорытындысы бойынша Мөлдірге «Бокстан спорт шебері» спорттық атағы берілді. 
ҚазҰУ дене тәрбиесі және спорт кафедрасы ОПҚ аталған жетістігімен Тойкова Мөлдірді құттықтайды!