Гендерлік теңдік тұрақты дамудың негізгі элементі ретінде

5 қазан, 2023

2023 жылдың 5 қазанында сағат 10:00-де Zoom платформасында 3 курс заң факультетінің студенттеріне «Гендерлік теңдік тұрақты дамудың негізгі элементі ретінде» тақырыбында ғылыми вебинар өтті. Баяндамашылар болып Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының 2 курс магистранттары сөз сөйледі. Вебинар барысында гендерлік теңдіктің маңыздылығын және оның тұрақты дамудың басқа мақсаттарымен байланысы қарастырылды. Баяндамашылар статистикалық мәліметтермен бөлісіп, гендерлік теңдікке қол жеткізудегі ұйымдар мен мемлекеттің рөлін талқылады, сондай-ақ БҰҰ-Әйелдер құрылымының мақсаттары мен міндеттері қаралды.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, баяндамашылармен бірге гендерлік теңдіктің маңызды аспектілерін зерттеді. Вебинар қоғамның тұрақты дамуындағы гендерлік теңдіктің рөлін тереңірек түсінуге алып келетін нәтижелі білім мен идеялар алмасуға ықпал етті.

Басқа жаңалықтар