Ұстаздар күні

5 қазан, 2023

ҚазҰУ бейіндік мектебінде оқушылар ұстаздар мерекесіне арнап қызыл кілемді жағалай құрмет сабын түзеп тұрды. Құрметке бөленген ұстаздар оқушылар ұйымдастырған мерекелік концертті тамашалады. Концертте әуезді ән, күмбірлі күй, мың бұралған би билеген оқушылардың өнеріне куә болды. Оқушылардың өнеріне тәнті болған ұстаздар ризашылығын білдірді. Концерт соңында мектебіміздің директоры Кәмшат Ауғажықызы коллектив атынан оқушыларға алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі!