- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы студенттерінің ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне танымдық бейімділіктерін қалыптастыру
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы студенттерінің ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне танымдық бейімділіктерін қалыптастыру

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы ТДМ шеңберінде "Сапалы білім беру" бағыты бойынша 2023 жылғы 05 қазанда ҚазҰУ-дың "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша "Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру" тақырыбында Әл-Фараби университетінің талаптарын ескере отырып семинар өткізді.
Семинар жоспарына сәйкес студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту бойынша өзекті мәселелер қаралды:
- ҚазҰУ-дың басым бағыты зерттеу қызметі;
- «Зерттеу арқылы оқыту» негізгі қағидасын жүзеге асыру;
- студенттік ғылымның дамуына әсер ететін факторлар;
- СҒЗЖ болашақ дене шынықтыру мұғалімі-жаттықтырушыны спорт түрінен кәсіби даярлаудың негізі болып табылады;
- Дене шынықтыру және спорт кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудың негізгі нысаны студенттік ғылыми үйірмелер (СҒҮ);
- ҚазҰУ дене шынықтыру және спорт кафедрасында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі жетілдіру жолдары.
Семинарға кафедра меңгерушісі Мадиева Г.Б., ғылыми-инновациялық қызметі және халықаралық ынтымақтастық жөнінідегі орынбасар Сабырбек Ж.Б., оқытушылар, студенттер және магистранттар қатысты.
Басқа жаңалықтар


