Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйіне саяхат

6 қазан, 2023

Физика-техникалық факультетінің 1 курс студенттері куратор-эдвайзер Куйкабаева Айжан Амангалиевнаның ұйымдаcтыруымен Алматы қаласының қақ ортасында Ахмет Байтұрсынұлының құрметіне берілген көшеде орналасқан  Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне барды.  Ахмет Байтұрсынұлы осы үйде тұрған. Осы үйде тұрған шағында «халық жауы» атандырып, отбасымен қоса қуып шыққан. Болашақ ұрпақ танып-білсін деген мақсатпен бүгінде бұл үйді ақын атындағы мұражайға айналдырған. Мұражайда студенттер алаш арысының жеке заттарын тамашалап, Ахмет Байтұрсынұлының өмірінен сыр шертетін құжаттармен танысты. ХХ  ғасырдың ұлы реформаторы, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ ұлттық ғылымының негізін салушы, ақын-аудармашы, түркітанушы, лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының Алматы қаласындағы мұражай-үйі  1993 жылы ұйымдастырылды. Мұражайда ғалым өміріне қатысты барлық ақпаратты қамтитын кішігірім кітапхана бар. Бұл музей қазaқ мәдениетінің тарихында еңбегімен бүкіл бір дәуірді алып жатқан алып тұлғaның өмірінен аз ғана сыр шертетін орын. А.Байтұрсынұлының шығармашылығына қатысты 2000-ға жуық ғылыми мақала, 50 монография, халықаралық ғылыми конференция материалдары, республикалық ғылыми конференция материалдары жарық көрді. Бұл жинақтардың барлығы мұражай қорының асыл қазыналары. Студенттер мұражайға саяхаттан жақсы әсер алды.